– Соңғы аптада еліміздің бірқатар қаласында болған қайғылы оқиғалар кесірінен көптеген азаматымыздан айрылып қалдық. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев 10 қаңтарды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Тәуелсіздігіміздің тұтастығын қорғау жолында қаза тапқандардың ата-аналарына, туыстарына қайғырып, көңіл айтамын. Жарақат алған басқа азаматтардың тез сауығуына тілектеспін. Мемлекет басшысының батыл шешімдері мемлекетіміздің және халқымыздың қауіпсіздігін сақтауға бағытталған. Ел мүддесі, тәуелсіз мемлекетіміздің болашағы үшін сабырлылыққа, тәртіпке шақырамын. Балаларымыздың, жастарымыздың, жалпы халқымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірлігімізді көрсетейік. Бабаларымыз аңсап өткен, жас ұрпаққа аманат етер тәуелсіздігімізді сақтау жолында Президентіміздің жанына бірігіп, қолдауға шақырамын! Әрбір шаңырақтың амандығын тілеймін!