Шенеуніктер халықпен сөйлесе алмайды – Қасым-Жомарт Тоқаев
Шенеуніктер халықпен сөйлесе алмайды – Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: yandex.kz
221
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында шенеуніктер халықпен етене жақын жұмыс істеуі тиіс екенін де айтты.

«Шенеуніктердің азаматтармен байланысы нашар. Мемлекеттік орган басшылары халықпен сөйлесе алмайды, тіпті кейде қорқатын секілді. Үкімет мүшелері өңірлерге жиі шығуы тиіс. Ал өңір әкімдері халықпен кездесу өткізіп, тұрақты байланыста болуы қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондықтан Президент Үкіметке бюрократияны жоюды тапсырды.

Президент бұған дейін ҰҚК департаментінің басшылары қару-жарақ пен құпия құжаттарды тастап кетіп қалғанын айтқан еді.