Сот ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов қанша уақытқа ұсталғанын хабарлады

Сот ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов қанша уақытқа ұсталғанын хабарлады

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов ұсталды. Бұл туралы truestorykz Telegram-арнасы хабарлады.

«ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен 2 айға қамауға алынды. Бұл туралы Нұр-Сұлтанның тергеу соты хабарлады», – делінген хабарламада.
Бұған дейін 6 қаңтарда ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы К.Мәсімов және басқа да адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын жазған болатынбыз.