Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ТЖ кезінде екінші деңгейлі банктер қалай жұмыс істейтінін хабарлады
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ТЖ кезінде екінші деңгейлі банктер қалай жұмыс істейтінін хабарлады
© gov.kz
189
оқылды
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі елімізде төтенше жағдайдың енгізілуін ескере отырып, 2022 жылғы 11 – 19 қаңтар аралығындағы кезеңде екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істеу режимі туралы хабарлады. Екінші деңгейдегі банктердің көпшілігі бөлімшелері мен құрылғыларының толыққанды жұмысын қалпына келтірді. Екінші деңгейдегі банктердің нақты бөлімшелерінің жұмысы туралы толығырақ ақпаратты call-орталықтардан және мобильдік қосымшалардан нақтылау қажет. Сонымен бірге 2022 жылғы 10 қаңтардан бастап Агенттіктің сall-орталығы жұмысын қайта бастағанын хабарлаймыз.  Call-орталықтың телефоны: +7 (727) 237 1000 Жұмыс істеу кестесі дүйсенбі – жұма, сағат 9.00 – 16.00 аралығы.