Шекарашылар Алматы қаласының стратегиялық маңызы бар нысандарын қорғауға тікелей қатысқан
Шекарашылар Алматы қаласының стратегиялық маңызы бар нысандарын қорғауға тікелей қатысқан
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
225
оқылды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Көктөбе" мұнарасына жасалған қарулы шабуыл туралы ақпарат таратты. Ресми мәліметке сәйкес, Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде комитетке қарасты шекара қызметінің облыстық департаментінің жеке құрамы құқық қорғау органдарымен және әскери құрылымдармен бірлесе отырып, қала әкімдігі және басқа да стратегиялық маңызы бар нысандарды қорғауға тікелей қатысты.
"Митинг кезінде қылмыскерлер "Көктөбе" теледидар мен радиохабар мұнарасын басып алуға тырысты. Осылайша, бандиттер ақпараттық басымдыққа ие болып, өз талаптарын қоюды көздеген еді. Алайда шекарашылар шабуылға тойтарыс берді", – дейді комитет мамандары.
 width= Бұдан бөлек, шекарашылар "Медеу" селден қорғау бөгетінің периметрін де бақылады. Ал контртеррористік операцияның белсенді кезеңі басталғанда департаменттің әскери қызметшілері шекара қызметінің арнайы бөлімшесімен бірге қылмыскерлерді, сондай-ақ заңсыз жолмен шетелге қашып кетуге тырысқан адамдарды анықтау және ұстау шараларына атсалысты.