Елордада автобустардың арнайы рейсі іске қосылды
Елордада автобустардың арнайы рейсі іске қосылды

Нұр-Сұлтан қаласында әуежайдан вокзалға жолаушыларды апаратын арнайы автобус рейсі іске қосылды, – деп хабарлайды CTS ЖШС-нің баспасөз қызметі.

«Алматы халықаралық әуежайы жұмысының уақытша тоқтатылуына байланысты, жолаушылар Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келіп, теміржол арқылы Алматыға жетіп жатыр. Осы орайда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мен CTS ЖШС жолаушыларды коменданттық сағат кезінде әуежайдан вокзалға жеткізу мақсатында арнайы автобус рейстерін іске қосты. Арнайы рейстер кешкі сағат 21:00-ден таңғы 06:00-ге дейін 30-60 минут аралықпен жүріп тұрады» делінген хабарламада.
CTS компаниясының мәліметінше, автобус құны тарифке сәйкес 90 теңгені құрайды.