Алматы маңында дүкен тонаған 14 адам ұсталды
Алматы маңында дүкен тонаған 14 адам ұсталды
Фото: tengrinews.kz
133
оқылды
Алматы облысы Талғар ауданында тәртіпсіздіктер кезінде дүкен тонаған 14 қарақшы ұсталды. Мәлімет бойынша, 6-8 қаңтар аралығында Талғар ауданы арқылы қашып кетпекші болған 14 адам ұсталған.
"Блок-бекеттерде қызмет атқарып жүрген құқық қорғау органдары, әкімдік қызметкерлері мен жасақтардың арқасында қарақшылар қолға түсті. Олардан ұрланған ақша, телефондар, киім және танымал брендтердің аяқкиімдер тәркіленді" делінген ресми хабарламада.
Бұдан бөлек, қарақшылардың телефондарында Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде түсірілген видео анықталды. Олар тонау әрекеттерін де ұялы телефонға жазып алған. Алдын ала мәліметке сәйкес, қарақшылар – Нарынқол мен Кеген ауылдарының тұрғындары.