Барлық азаматтың банк несиелері есептен шығарылады деген қауесетті Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жоққа шығарды, – деп хабарлайды Stopfake.kz сайты. Мұндай ақпарат әлуметтік желілерде таралуда.
"Несиелік рақымшылық жасалмайды. Бұл жалған ақпарат", – деді сұраққа жауап берген ведомствоның call-орталығы.Halyk Bank террористерге қарсы операция барысында оққа ұшқан әскерилер мен полиция қызметкерлерінінің туыстарына көңіл айтып, әскерилердің банкке берешегі кешірілетінін мәлімдеген.