Қазақстанда 12 қаңтардан бастап мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын қайта бастайды.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Әділ Қожықов мәлім еткендей, мемлекеттік қызмет көрсететін мамандандырылған ХҚО-лар дүйсенбі-жұма күндері аралығында сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.