Тағы бір қару қоймасы табылды
Тағы бір қару қоймасы табылды
136
оқылды
Алматы қалалық комендатурасы тәртіпсіз­дік кезінде қару-жарақ дүкенінен ұрланған қару-жарақтың бір бөлігінің табылғанын хабарлады. Оны  Алматы облысының 18 жастағы тұрғыны жа­сыр­ған екен. Қаруды жасырған жігітті Алматы қа­ласы Наурызбай ауданының полиция қызмет­керлері құрықтады. Ол тергеу кезінде қару сататын дүкендерді тонауға қатысқанын мойындады. Полиция өкілдері мылтықтардың карьерлердегі жасырын орында сақталғанын анықтаған. Мамандар бұл қарулардың  қаладағы тәртіпсіздіктер кезіндегі басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтаумен айналысып жатыр.

Ш.АТЫХАНҰЛЫ