КамАЗ-ды айдап, қару-жарақ ұрлаған
КамАЗ-ды айдап, қару-жарақ ұрлаған
Полицейлер Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде әскери көлікті айдап кеткен бүлікшіні ұстады. Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі қолға түскен күдіктінің Павлодар облысы Екібастұз қаласының 27 жастағы тұрғыны екенін мәлімдеді. Сондай-ақ оның тонау деректеріне де қатысы бар екені белгілі болды. Алматы қаласы Өжет шағын­ауданында қолға түскен күдіктіден 30 оғы бар «Сайга» тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді. Ол мылтық қару-жарақ дүкенінен ұрлаған. Бұдан бөлек,  Алатау ауданының полиция қызметкерлері қару-жарақ дүкенін тонаған үш адамның қолына кісен салды. Олардан қару-жарақ дүкенінен тәркіленген Аta-arms, Remington-700 және Sauer-202 маркалы мылтықтар тәркіленді.  Қазір күдіктілердің барлығы қамауға алынды.

Ш.АТЫХАНҰЛЫ