Құрлықтық хоккей лигасы «Торпедо» (Нижний Новгород) командасының екі ойынын кейінге шегергенін жария етті. «Барыс» хоккей клубы мәлім еткендей, «Торпедо» командасының 11 ойыншысы мен екі өкілінен коронавирус анықталған. Осыған байланысты ҚХЛ 11 және 13 қаңтар күні өтуі тиіс «Торпедо» - «Барыс» және «Торпедо» - «Куньлунь Ред Стар» матчтарын өткізбеу туралы шешім қабылдады. Аталмыш қос бәсеке турасындағы шешім кейін белгілі болады. «Барыс» командасы енді Мәскеуге ұшады. Одан кейін автобуспен Подольскіге барады. 13 қаңтар күні Юрий Михайлистің шәкірттері «Витязь» командасымен кездеседі.
Әбілмансұр ЖАСАН