Астанадан өзге аймақтарға қатынайтын барлық пойызға билет жеткілікті

Астанадан өзге аймақтарға қатынайтын барлық пойызға билет жеткілікті

Жолаушылар пойыздары кесте бойынша және барлық бағытта жүреді. Барлық пойыздарға жол жүру билеті қолжетімді. Нұр-Сұлтаннан жолға шығатын жолаушылар үшін теміржол билеті тапшылығы жоқ. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Күн сайын елордадан басқа қалаларға 30-дан астам пойыз жөнелтіледі. Олардың барлығы да пойыздар кестесі бойынша жүреді. Мәселен, 11 қаңтардағы жағдай бойынша елордадан 42 жолаушылар және қала маңы пойызы жолға шықты. 2022 жылғы 8-11 қаңтар аралығында «Алматы – Нұр-Сұлтан» бағыты бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ-нан 12 қосымша пойыз ұйымдастырылып, 11 мыңнан астам орын ұсынылды.

Билеттер туралы толығырақ ақпаратты BILET.RAILWAYS.KZ сайтынан және Кaspi.kz пен «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасынан білуге болады.