Әлихан Смайылов Қорғаныс министріне әскердің дайындығын тексеруді тапсырды
Әлихан Смайылов Қорғаныс министріне әскердің дайындығын тексеруді тапсырды
Фото: russiadefence.net
221
оқылды

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов Қорғаныс министрлігіне шұғыл орындалуы тиіс тапсырма берді.

Ол Қарулы күштер мен барлау құрылымдарын реформалау үшін ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.
"Қорғаныс, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерімен бірлесіп, белгіленген тәртіппен арнайы бөлімшелердің әскери қызметшілерінің табысын арттыру, әскерді көлік, қару-жарақ пен әскери техникамен қамтамасыз ету мәселесін тез арада шешуі тиіс. Қорғаныс министрлігі мүдделі органдармен бірлесіп, Қарулы күштер мен барлау құрылымдарын реформалау, әскердің қорғаныс қабілетін түбегейлі арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеп, Қауіпсіздік кеңесі аппаратының жақын арадағы отырысына енгізсін», – деді Әлихан Смайылов.

Кеше Президент ҰҚК департаментінің басшылары қару-жарақ пен құпия құжаттарды тастап кетіп қалғанын айтқан болатын.