Төрт облыста қару ұрлаған адамдар ұсталды – министрлік
Төрт облыста қару ұрлаған адамдар ұсталды – министрлік
Фото: yandex.kz

Ішкі істер министрлігі жедел штабының мәліметінше, төрт облыста қарулы бір топ адам ұсталды.

Бүгін Алматы облысында полицейлер Ұлттық ұлан және арнайы жасақ көмегімен тәртіпсіздік кезінде ұрланған 3 винтовкалы карабин, 11 Макаров тапаншасы, оқ қалташалары мен оқ-дәрілер, калибрі 5,45 миллиметр АК-47 тәркіленген. Шығыс Қазақстанда төтенше жағдай тәртібін бұзғаны үшін Mercedes-Вenz көлігін тоқтатқан. Оның ішінен қала әкімдігіне шабуыл жасалған кезде шерушілер тартып алған резеңке таяқ пен дыбыс шығаратын граната табылып, тәркіленген. Жамбыл облысында ер адамнан аңшылық дүкеннен ұрланған 5 мылтық, әртүрлі калибрлі 110 оқ және 3 автомат пен тапанша тәркіленді. Таразда Калашников автоматы мен ТОЗ-18 автоматы табылып, тәркіленді. Сондай-ақ, Sulpak дүкені жанындағы жәшіктен сақтандырғышы жоқ 4 дана электр сөндіргіш граната табылған. Қызылорда облысында ұсталған ер адамнан полиция ғимараттарына баса-көктеп кірген сәтте ұрланған Форт-500 маркалы мылтық алынды.

Қазір тәркіленген қару-жарақ тексеріліп, тергеу жүргізіліп жатыр.