Санда бар, санатта жоқ жастарға жұмыс тауып береміз – Серік Шәпкенов
Санда бар, санатта жоқ жастарға жұмыс тауып береміз – Серік Шәпкенов
Фото: el.kz
142
оқылды

Бүгін Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов тұрғындардың күнкөріс деңгейін жақсарту мәселесіне тоқталды.

«Президент Үкіметке «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, 2 ай ішінде халықтың табысын арттыру бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. «Халықтың табысын арттыру» бағдарламасы бойынша бірінші кезекте жұмыссыздар санын азайту мәселесі тұр. Атап айтқанда, мамандық таңдау, оқу және жұмысқа орналасуға көмек көрсету үшін халықтың әлеуметтік осал топтары мен NEET санатындағы жастарды ертерек анықтаймыз. Ұлттық жобалар шеңберінде жұмыспен қамтамасыз етеміз. Әсіресе, өз күнін өзі көріп жүрген жастарға басымдық беріледі», – деді Серік Шәпкенов.

Бұған дейін Президент елдің алаңға митингіге шығуына түрткі болған бірнеше себепті айтқан болатын.