Ішімдік сатқандар жазаланды
Ішімдік сатқандар жазаланды
156
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысында Төтенше жағдай режимі кезінде спирттік ішімдіктерді сатуға тыйым салынғанына қарамастан, кейбір сауда нүктелері алкоголь өнімдерін сатуын тоқтатпаған.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыс полицейлері Петропавлда – 5, Шал ақын ауданында тағы екі дүкен осындай құқық бұзушылыққа барғанын анықтады.

«Біздің өңірімізде жағдай қалыпты, алайда, құқықтық тәртіп бұзушылықтарға ықпал ететін алғышарттарға жол бермеу қажет. Жалпы, халықтың барлық шектеу шараларына түсіністікпен қарайтынына сенімдімін. Олар қазіргі уақытта қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету маңызды екенін жіті түсінеді», - деді Солтүстік Қазақстан облысының коменданты полиция генерал-майоры Марат Төлебаев.

Бес күннің ішінде Солтүстік Қазақстан облысында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 476-бабы бойынша төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 85 адам ұсталды. Тәртіп бұзушылықтардың басым бөлігі коменданттық сағатты бұзумен байланысты. Түнгі сағат 23-тен таңғы сағат 7-ге дейін тұрғындарға үйлерінен шығуға тыйым салынған.