Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға келді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, - деп хабарлайды Терроризмге қарсы операция туралы ресми ақпараттар жарияланатын Telegram-канал.
«Президенттің Алматыға келгенін растаймыз. Ол Алматыда өткен жедел штаб отырысына қатысты. Сондай-ақ, қаза тапқан полиция қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің туыстары мен жақындарымен кездесу өтіп, көңіл айтып, наградалар тапсырды», - делінген хабарламада.