Жамбылда автомат асынған тағы 26 бүлікші ұсталды
Жамбылда автомат асынған тағы 26 бүлікші ұсталды
Жамбыл облысында жаппай тәртіпсіздікке қатысқан бүлікшілерді ұстау жалғасуда. Кеше түнде тағы 26 адам ұсталып, олардан 13 дана қару-жарақ тәркіленді. 11 қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шаралары барысында ҚР ҰҚК облыстық департаментінің мамандары ұсталғандардан  7 Калашников автоматын, 3 пулеметтік тапанша, 3 пышақ және  100 оқ-дәрі тапқан. Ал жалпы  облыс бойынша жаппай тәртіпсіздікке қатысқандардың саны шамамен  2000 адам  болса,   олардың 400-ге жуығы құрықталған. Бүлік кезінде 287 адам түрлі дене жарақатын алып, 42 адам ауруханаға жатқызылған. Жедел операциялар нәтижесінде ұсталғандардың 31-і соттың шешімімен қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды. Олардан  97 бірлік қару-жарақ тәркіленіп отыр.