Жамбыл облысында жаппай тәртіпсіздікке қатысқан бүлікшілерді ұстау жалғасуда. Кеше түнде тағы 26 адам ұсталып, олардан 13 дана қару-жарақ тәркіленді. 11 қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шаралары барысында ҚР ҰҚК облыстық департаментінің мамандары ұсталғандардан 7 Калашников автоматын, 3 пулеметтік тапанша, 3 пышақ және 100 оқ-дәрі тапқан. Ал жалпы облыс бойынша жаппай тәртіпсіздікке қатысқандардың саны шамамен 2000 адам болса, олардың 400-ге жуығы құрықталған. Бүлік кезінде 287 адам түрлі дене жарақатын алып, 42 адам ауруханаға жатқызылған. Жедел операциялар нәтижесінде ұсталғандардың 31-і соттың шешімімен қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды. Олардан 97 бірлік қару-жарақ тәркіленіп отыр.