Солтүстік Қазақстан облысында да төтенше жағдай режимі алып тасталады
Солтүстік Қазақстан облысында да төтенше жағдай режимі алып тасталады
123
оқылды
Ертең Солтүстік Қазақстан облысында да төтенше жағдай режимі аяқталады. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады. Президент арнайы жарлыққа қол қойды.
«Солтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 745 Жарлығымен енгізілген Солтүстік Қазақстан облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 13 қаңтар 07 сағат 00 минуттан бастап жойылсын» делінген хабарламада.
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.