Алматыда атыс-шабыс кезінде түсірілген фото, видеоларды полицияға қалай жіберуге болады?

Алматыда атыс-шабыс кезінде түсірілген фото, видеоларды полицияға қалай жіберуге болады?

Алматы полициясы қаладағы митинг, қирату, тонау кезінде түсірілген фото, видеоларды полицияға жіберуді сұрайды.

«Егер қылмыс жасаған тонаушылар туралы ақпарат болса немесе ұрланған тауарлар, заттар, қару-жарақтың қайда сақталғанын білсеңіз, көмек көрсетуіңізді сұраймыз. Бұл – әрбір адал азаматтың борышы. Мүмкін, біреу олардың бет-әлпетін немесе көлігін түсіріп алған болар (фото, видео). Криминалдық полиция бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Егер мұндай ақпараттар бар болса, бізге қоңырау шалыңыз немесе жазыңыз», – деді полицейлер.

Фото, видео, ақпараттарды төмендегі телефон нөмірлеріне хабарласып, жіберуге болады. Алмалы аудандық полиция басқармасының телефондары: 87087079202, 87055557763, 87775489991, 87073332750. Бостандық аудандық полиция басқармасының телефондары: 8(727)2544702, 8(727)2544713, 8(727)2544701. 87771161616, 87077599888, 87479096545 Алатау аудандық полиция басқармасының телефондары: 8(727)227-55-02, 8(727)227-55-16, 87477760223, 87059655571, 87784888580, 87473218676, 87753256719