Күніне тұрғындардан 2500 шақырту түсіп жатыр.
Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемованың айтуынша, науқастар саны күрт көбейген.«Жедел жәрдем мен мобильді бригадалардың жұмысы қауырт. Жедел жәрдем қызметін шақырту 2 есе артты. Яғни, күніне 2500 шақырту түседі. Ал мобильді бригада тәулігіне 1000-1200 шақырту алып, үй аралап жүр. Бүгінде елордада 5 мыңнан астам пациент амбулаториялық ем алып жатыр», – деді Әлия Рүстемова
Бұған дейін Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны миллионнан асқанын жазған болатынбыз.