Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының әскері Қазақстан аумағынан он күн ішінде шығарылады. Бүгін бітімгершілік мақсатта келген әскерлерді елден шығару басталды. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасы хабарлады.
Қазақстанда жаппай қырғын, қақтығыс басталғанда елімізге ҰҚШҰ-ның 2500 сарбазы мемлекеттік мекемелерді күзету үшін әкелінген еді. Бүгін ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась Алматыға барып, ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштерінің қолбасшысы генерал-полковник Андрей Сердюковпен бірге Алматыдағы ахуалмен танысып, арнайы күзетілген пункттерді аралайды.«Бүгін біз ҰҚШҰ әскері күзеткен нысандарды жергілікті қауіпсіздік күштеріне береміз. ҰҚШҰ әскерін Қазақстаннан шығаруды бастаймыз. Салтанатты түрде әскерлерді кезең-кезеңімен алып кетеміз. Мемлекет басшылары 10 күнде ҰҚШҰ әскерін Қазақстаннан шығаруды тапсырды. Бізге он күн жеткілікті», – деді Станислав Зась.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Засьті қабылдағанын жазған болатынбыз.
https://youtu.be/hgv6jwgwXeMМемлекет басшысы ҰҚК департаментінің басшылары қару-жарақ пен құпия құжаттарды тастап кетіп қалғанын да айтқан еді.
https://youtu.be/DFzP5ijMNBo