Алматыда тағы екі ауданды лаңкестерден азат етті  
Алматыда тағы екі ауданды лаңкестерден азат етті  
Фото: baigenews.kz
109
оқылды

Әскери қызметкерлер Алматыда тағы екі ауданды лаңкестерден азат етті.

Алматы қаласындағы Бостандық және Түрксіб ауданының аумағы лаңкестерденазат етілді. Алматы қаласы комендатурасының мәліметінше, арнайы операция барысында Бостандық және Түрксіб аудандары лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстарға қатысы бар 1 925 адам ұсталды.
«38 дана қару мен 1 486 оқ-дәрі тәркіленді. 102 пультіне 961 хабарлама келіп түсті, комендатураның Call-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 215 дабыл қабылданды. Барлық хабарлама дер кезінде өңделді», – дейді Алматы қаласы комендатурасының ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті 14 өңірде қауіп сейілгенін хабарлады.