Тимур Сүлейменов жаңа қызметке тағайындалды
Тимур Сүлейменов жаңа қызметке тағайындалды
Фото: nur.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары тағайындалды.

«Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылсын» делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін төтенше жағдайдан кейін жаңадан және қайта тағайындалған министрлердің тізімін жариялаған болатынбыз.