«Nur Otan» партиясы елдегі тұрақтылықты қамтамасыз етуде
«Nur Otan» партиясы елдегі тұрақтылықты қамтамасыз етуде
152
оқылды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау мақсатында «NurOtan» партияcының филиалдары мен белсенді партия мүшелері елдегі тұрақтылықты сақтау үшін республика бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Бүгінде  «NurOtan» партияcының барлық филиалдары 17 өңірде офлайн форматта жұмыс істеп жатыр. Тек Жамбыл және Қызылорда облыстарындағы қызметкерлердің бір бөлігі онлайнға көшкен.  Сонымен қатар Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбе қалалары, Ақмола облысы және тағы басқа аймақтарда қоғамдық жасақтар құрылды. Елдің белсенді азаматтары, мәслихат депутаттары мен «Jas Otan» еріктілерінің күшімен қала көшелері мен блокпостардағы полиция мен әскерилерге ыстық тамақ ұйымдастырылды. Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Шымкент қалалары секілді зардап шеккен өңірлерде жасотандық еріктілер жергілікті билікке қаланы тазартуға, бүлінген ғимараттарды қалпына келтіруге көмектесті. Оның ішінде барлық өңірдегі партия қызметкерлері дүрбелеңнен зардап шеккендерге көмек ретінде қан тапсырды.