«Nur Otan» партиясы қашанда халықпен бірге екенін көрсетіп, өзінің барлық күш-қуатын елдікті сақтауға қамтамасыз етуге бағыттайды. Сондықтан елімізде болған төтенше жағдайдан соң партияның бүкіл ресурсы Мемлекет басшысының елдегі тұрақтылықты қалыпқа келтіруге бағытталған тапсырмаларын толықтай орындап жатыр.
Соның ішінде «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдаулары өз жұмысын тоқтатқан емес. Мысалы, 2022 жылғы 1-11 қаңтар аралығында 622 адам хабарласса, оның 283-і «111 шұғыл қызметі» бойынша байланысқан. Партия филиалдардың барлық қоғамдық қабылдау бөлмелері мерекеге байланысты қаңтардың алғашқы бес күні онлайн форматта жұмыс істесе, 111 қызметі 1 қаңтардан жұмысын бастап кеткен. 5 қаңтар күні партияның сall-орталығының жедел желісіне, негізінен, интернеттің болмауы, банктердің жұмыс істеу-істемеуі мен митингіге қатысты мәселелер қозғалған. Шымкент, Тараз, Ақтау, Алматы және Ақтөбе қалаларында да осы мәселелер бойынша хабарласқан екен.