Жол ақысы төмендетілді
Жол ақысы төмендетілді
168
оқылды
«Nur Otan» партиясы Қар­ғалы аудандық филиалына Бадамша ауылының тұрғыны Есен Салимов көмек сұрай келді. Ол өз кезегінде Ақтөбе қаласына қатынайтын так­со­парктердің жол ақысын тө­мендету мәселесін сөз етті. «Nur Otan» партиясы Қарғалы аудандық филиалы «Қарғалы» бастауыш партия ұйымының төрағасы, Бадамша ауылдық окру­гінің әкімімен бірлесе отырып өті­ніш иесінің мәселесін шешу бойын­ша келіссөздер жүргізді. Нәтижесінде өтініш иесінің мәсе­лесі оң шешімін тапты. Атап айт­қанда, «Қарғалы» бастауыш пар­тия ұйымының төрағасы, Бадамша ауылының әкімі жергілікті таксо­парк иелерімен кездесу ұйымдас­тырып, облыс орталығы Ақтөбе қаласына жүретін таксилердің жол ақысы 20%-ға төмендетілді.

Әбілмансұр ЖАСАН