«Nur Otan» партиясы Қарғалы аудандық филиалына Бадамша ауылының тұрғыны Есен Салимов көмек сұрай келді. Ол өз кезегінде Ақтөбе қаласына қатынайтын таксопарктердің жол ақысын төмендету мәселесін сөз етті. «Nur Otan» партиясы Қарғалы аудандық филиалы «Қарғалы» бастауыш партия ұйымының төрағасы, Бадамша ауылдық округінің әкімімен бірлесе отырып өтініш иесінің мәселесін шешу бойынша келіссөздер жүргізді. Нәтижесінде өтініш иесінің мәселесі оң шешімін тапты. Атап айтқанда, «Қарғалы» бастауыш партия ұйымының төрағасы, Бадамша ауылының әкімі жергілікті таксопарк иелерімен кездесу ұйымдастырып, облыс орталығы Ақтөбе қаласына жүретін таксилердің жол ақысы 20%-ға төмендетілді.
Әбілмансұр ЖАСАН