Жылдың алғашқы «Үлкен дулыға» турнирі саналатын Аустралияның ашық чемпионатының жеребесі тартылып, соның нәтижесінде қазақстандық қос ракетка кездесетін болды. Теннистен әйелдер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемдік рейтингте 13-орында тұрған Елена Рыбакина алғашқы айналымда дүниежүзілік тізімде 108-орындағы Зарина Диаспен кортта кездеседі. Ал тағы бір отандасымыз әлемнің 43-ракеткасы Юлия Путинцева рейтингте 110-сатыдағы франциялық Хармони Танмен сайысқа түседі. Былтыр осы турнирде Ю.Путинцева төртінші, З.Дияс үшінші, Е.Рыбакина екінші айналымға дейін жеткен еді.