Газ құбырын орнатып берді
Газ құбырын орнатып берді
«Nur Otan» партиясы Сары­ағаш аудандық филиа­лының қоғамдық қабылдау бөлмесі өткізген көшпелі қа­былдауға қатысқан Жар­ты төбе ауылдық округінің тұр­ғыны Б.Багатова үйіне газ құ­бырын тартып беруді сұрады. Мұқтаж азаматтың мәселесі «Nur Otan» партиясы «Жарты төбе» бастауыш партия ұйы­мында партия фракциясы мү­шелері, аудандық мәслихат депутаттары Ж.Сүлейменов пен Т.Жұмабеков тарапынан жан-жақты қаралған болатын. Қыс мезгілінде қиындыққа ұшыраған аз қамтылған отбасы­ның жағдайын ескере отырып, жылумен қамтамасыз ету үшін «Nur Otan» партиясы фракция мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары демеушілік жасады. Нәтижесінде, өтініш иесі Б.Багатованың үйіне газ құбыры орнатылды.

Әбілмансұр ЖАСАН