Еуропа чемпионаты кейінге шегерілмейді
Еуропа чемпионаты кейінге шегерілмейді
149
оқылды
Футзалдан Еуропа чемпионаты коронавирустың жаңа штамы өршіп тұрғанына қарамастан белгіленген мерзімде өтеді. 19 қаңтарда Нидерландта Еуропа чемпионаты басталады. Ұйымдастырушылар 2022 жылғы Еуропа чемпионатын бұрын жос­пар­ланған мерзімде, атап айтқанда 19 қаңтар мен 6 ақпан аралығында өткізуге шешім шығарды. Еуродада 16 команда өнер көрсетеді. Қазақстан құрамасы Италия, Словения және Финляндиямен бірге В тобына бақ сынайды. Құрама алғашқы ойынын 20 қаңтар күні Словенияға қарсы өткізеді. Одан кейін Кака шәкірт­тері 25 қаңтарда Финляндиямен, 28 қаңтарда Италиямен шеберлік байқасады.

А.ЖАСАНҰЛЫ