Ковидке қарсы шаралар қатаңдатылады
Ковидке қарсы шаралар қатаңдатылады
209
оқылды
Халықаралық Олимпиада комитеті 2022 жылғы Бейжің Олимпиадасында ковидке қарсы шаралардың Токиомен салыстырғанда қаталырақ болатынын мәлімдеді. «Токио Олимпиадасымен салыстырғанда бірнеше маңызды айырмашылық бар. Біріншіден, «жабық жүйеге» өту үшін міндетті түрде толығымен вакциналанған болуы тиіс. Екіншіден, әрбір қатысушы күн сайын ПТР-тест тапсырады. Ал Токиода тек олим­пиадалық ауылға кіретін тұлғаларға ғана күн сайын ПТР тапсыру міндет болған», – деді ХОК өкілі. Еске салайық, Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары 4-20 ақпан аралығында өтеді.

Әбілмансұр ЖАСАН