Алматы қаласында мамандандырылған ХҚКО да жұмыс істей бастады
Алматы қаласында мамандандырылған ХҚКО да жұмыс істей бастады
Фото: informburo.kz
187
оқылды

Алматыда мамандандырылған ХҚКО да жұмыс істей бастады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» хабарлады.

Мамандандырылған ХҚКО күнделікті сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, дүйсенбі-жұма аралығында жұмыс істейді. ХҚКО-да құжаттандыру секторлары мен Миграциялық ХҚО бөлімі де қайта іске қосылды. Мемлекеттік қызметтердің 80%-дан астамын онлайн, сондай-ақ автокөлікті Kaspi.kz және Halyk Homebank банк қосымшалары арқылы қайта рәсімдеуге болады. Мамандандырылған ХҚКО ғимаратына кіру Ashyq қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.

Бұған дейін Алматы қаласы мен облысы және Жамбыл облысында ХҚКО жұмысы тоқтап қалған еді.