Күні кеше Жамбыл облысының тәртіп сақшылары бүлік кезінде қолды болған қару-жарақтар туралы тұрғындар ақпарат білсе, «102» нөміріне хабарласуға шақырған болатын.
Сондай-ақ оқ-дәріні ерікті түрде полиция бөліміне тапсырса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтыны айтылған. Міне осы үндеу өңірде өз жемісін бере бастады.Облыстық Полиция департаменті осындай жағдайлар туралы хабарлаған халыққа анонимдік кепілдік береді.