Ақтауда балалар үйінің 50 түлегіне азық-түлік таратылды

Ақтауда балалар үйінің 50 түлегіне азық-түлік таратылды

Үммет жастары қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен «Жұма challenge» акциясы аясында Ақтау қаласының 35 ықшам ауданында тұратын балалар үйінің түлектеріне көмек көрсетілді.

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты бауырларымыздың жұмысы тоқтап, күнделікті азық-түлігіне қажет қаражатты табуға қиындықтар туған еді. Соған орай 300 мың теңгеге күнделікті қажетті азық-түліктері мен бір түйенің еті сойылып, балалар үйінің түлектеріне таратылды. Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында құрылған «Үммет жастары» қайырымдылық қоры 2015 жылдан бастап халықпен бірге болып, қиналған әрбір отбасына қолдау көрсетіп келеді. «Жұма challenge» акциясы асяында Жанар есімді көпбалалы анаға да көмек ретінде 1 млн теңге қаржы жиналып, табыс етілді. Жалғызбасты ананың үйінде жылу тартылмаған. Осыған қолдау білдіру мақсатында қаржылай көмек берілді. Сондай-ақ Маңғыстау облыстық мәслихат депутаты, Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Б.Ахметовтың ұйымдастыруымен Yessenov University жатақханасында қалған студенттерді азық-түлікпен қамтамасыз ету шарасы ұйымдастырылды. Елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты жатақханада әр түрлі себептермен қалған студенттерге Yessenov University тарапынан азық-түлік және бірінші қажеттіліктегі тауарлар жеткізілді. Қазіргі уақытта студенттер қысқы демалыста. Бірақ Өзбекстан, Түркменстан, Нигерия елдерінен келген және еліміздің шалғай аймақтарынан келіп оқитын барлығы 63 студент жатақханада қалған. Сонымен қатар әлеуметтік желі арқылы балалар үйінің түлектерінде қолма-қол ақшалары болмай интернеттің жоқтығынан азық-түлік жетіспеушілігі болғанын естіп, облыстық мәслихат депутаты Ешманов Киікбай Жақыпұлы азық-түлік апарды. Әлеуметтік желі арқылы қолдау көрсетем деушілер табылып, барша маңғыстаулықтардан екі жүз сексен мың теңге жиналып сол қаржыға азық-түлік жеткізілді.