ҚТЖ 2021 жылғы жұмыс қорытындысын шығарды
ҚТЖ 2021 жылғы жұмыс қорытындысын шығарды
183
оқылды

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы 2021 жылдың қорытындысын шығарды.

Пайдаланылған жүк айналымы 239 млрд т-км неттоға жетті. Бұл 30 жылдағы ең жоғары тарихи көрсеткіш болып тіркелді. Нәтижесінде жыл қорытындысы бойынша компания едәуір пайдаға кенелді. Қазақстан арқылы өтетін контейнерлер транзиті бір миллион ЖФЭ асты. «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісінде 1000 шақырымнан астам темір жол жаңартылды. Оның 582 шақырымы күрделі жөндеуден өтті. Қозғалыс және еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударылды. Өткен жылы орташа айлық жалақы өсімі 22% құрады, компания қызметкерлерінің жалақысы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап өсті.