Қарағанды облысында екі көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды
Қарағанды облысында екі көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды
145
оқылды
Қарағандыда BMW X5 жүргізушісі Audi-мен соқтығысып, жанармай бекетіне бұзып кірді. BMW жолаушыларының бірі қайтыс болды, екіншісі ауруханаға түсті. Ресми мәліметке сәйкес, оқиға Қарағанды – Сарань тасжолында болған. BMW Х5 маркалы көліктің 22 жастағы жүргізушісі алдында келе жатқандардан басып озамын деп, жол жиегімен қатты жылдамдықпен жүрген. Ал жанар-жағармай станциясына бұрылған Audi жүргізушісі оны көрмей қалған. Джип оны соғып, инерциямен "Қазмұнайгаздың" таблосына кіріп кеткен. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.