Жауаптылықты ауырлататын мән-жай болмаса, жазаны жеңілдету үшін шара қабылдаған жөн – Тоқаев

Жауаптылықты ауырлататын мән-жай болмаса, жазаны жеңілдету үшін шара қабылдаған жөн – Тоқаев
Фото: m.the-flow.ru

Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғалары кезінде қылмыс жасаған адамдар заң бойынша жауапқа тартылатынын айтты.

«Қасіретті қаңтар» оқиғалары кезінде және төтенше жағдай енгізілгеннен кейін түрлі құқықбұзушылық жасағаны үшін 2 мыңға жуық адам ұсталды. Қылмыс жасаған адамдар заң бойынша жауапқа тартылады»,– деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

Сондай-ақ Президент Бас прокуратураға басқа адамдардың кінәсі қандай дәрежеде екенін анықтауды тапсырды.

«Жауаптылықты ауырлататын мән-жай болмаса, жазаны жеңілдету үшін шара қабылдаған жөн» деп атап өтті Президент.

 

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.