БҚО-да жол апатынан 5 адам қаза болды
БҚО-да жол апатынан 5 адам қаза болды
Фото: mgorod.kz
Орал-Атырау тасжолында "КамАЗ" бен Toyota Camry көлігі соқтығысты. Апат салдарынан бес адам қаза болды, - деп хабарлайды "Мой город" басылымы. Өңір полициясы мәліметінше, жол апаты 14 қаңтарда сағат 7.55-те болған.
"Көліктер соқтығысқаннан кейін өрт шыққан. Жол апаты салдарынан бес адам қаза тапты. Дерекке қатысты ҚР ҚК-ның 345-бабы "Жол-қозалысы ережісін бұзу" бойынша соталды тергеу басталды", - деді БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, жеңіл автокөлік толық жанып кеткен. Қаза болғандардың жеке басы әлі анықталмаған.