Ұлттық ұлан тәртіпсіздіктер кезінде техникаладың қалай бүлінгенін көрсетті
Ұлттық ұлан тәртіпсіздіктер кезінде техникаладың қалай бүлінгенін көрсетті
Қазақстанның Ұлттық ұланы тәртіпсіздіктер кезінде арнайы жасақ көлігі қалай бүлінгенін көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Ұлттық ұланның "Бүркіт" арнайы бөлімшесінің әскери қызметшілері арнайы құралдар мен техниканы қолданып, бүлікшілерге қарсы тұрған.  width=
"Шымкентте 6 қаңтарға қараған түні Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлімінің арнайы мақсаттағы бөлімшесі полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, ұйымдасқан топ тәртіпсіздіктерін жойды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, қақтығыстар кезінде тәртіпбұзушылар атыс қаруын, қолдан жасалған материалдар мен тастарды қолданғаны айтылды.
"Бүлікшілер көліктерді аударып, жолдарды жауып тастады, арнайы көліктерге оқ жаудырды. Терезелердегі оқ іздері осыны айғақтайды. Сан жағынан артықшылық бүлікшілер жағында болды - бір адамға 50-і", - деді Ұлттық ұлан өкілі.