Әскери КамАЗ-бен нысандарды бұзған
Әскери КамАЗ-бен нысандарды бұзған
418
оқылды
Қызылордада тәртіп­сіз­дік кезінде әскери КамАЗ-ды басып алған ер адам ұстал­ды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. Қалада 5 қаңтар күнгі жаппай тәртіпсіздік кезінде қала тұрғыны облыс әкімдігінің ғимаратына баса-көктеп кірген бүлікшілерге еріп, әскери КамАЗ авто­көлігін тартып алып, өзі тізгіндеген. Ер адам қала орталығында ор­наласқан Жедел басқару орта­лығына қарасты бейнебақылау камераларын ұрланған авто­көлікпен соғып, сындырған. Ары қарай ол Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқар­масы ғимаратының кіреберіс қоршауын әскери көлікпен бұзып, бүлікшілерге өз ойларын іске асыруына жол берген, ал өзі оқиға орнынан бой тасалаған. Қазір аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 272-ба­бының 2-бөлігі (Күш қолдану­мен, қиратумен, өртеумен, бұзу­мен, мүлiктi жоюмен, атыс қар­уын, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын қол­данумен, сондай-ақ билік өкiлiне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражатты пайдалана отырып жаппай тәр­тiпсiздiкке қатысу) және  202-бабының 2-бөлігінің 1-тар­мағы (Өрт қою, жарылыс жасау арқылы немесе өзге де жалпы қауiптi тәсілмен жасалған) бо­йынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Кү­діктіге қатысты күзетпен ұстау шарасы таңдалды.

Ерік ЕРДЕНОВ