Жолаушыларға көмектесті
Жолаушыларға көмектесті
281
оқылды
Жыл басында еліміздің әр аймағында болған толқулар кезінде адам шығыны болып, ғимараттар, өзге де көптеген нысан зардап шекті. Осы уа­қыт аралығында Қазалы, Арал ау­дандарының вокза­лына ішінде 900-ден астам жолаушысы бар №33 және №77 қос пойыз тәу­лік­теп аялдап қалды. Ондағы жо­лаушылар тамақ, дәрі-дәр­мек іздеп, жергілікті тұрғын­дардан көмек сұрады.  Осы орайда «Nur Otan» пар­тия­сы аудандық мәслихат депу­таттары Арғын Орынбаев, Талғат Әліпбаев, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ақтілеу Бөріқұлақов, аудан әкімдігі ап­па­ратының жұмыл­дыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы Ғалым Сматуллаев се­кілді азамат­тар, вокзал қызмет­керлері барлық жайтты бақылауда ұстауға тырысты. Вагондардан ауырып келе жатқан науқастардың тізімін алып, дәрі-дәрмек әкелінді. Стансадағы бар­лық құрылымдық бөлім­ше­лердегі теміржолшылар арасынан шыққан еріктілер, әкім­дік, кәсіп­керлер, жастар және жер­гілікті тұр­ғындар күш бірік­тіріп, вокзал алдында қазан-ошақ құрып, пойызда отырған жолау­шыларға тамақ таратып, оларды үздіксіз ас-сумен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етті. Осынау қиын шақта пойыз жолаушылары Қазалы ауданының халқына, еріктілер, әкімдік, кә­сіпкерлер, жастар және жергілікті тұрғындарға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.

Әбілмансұр ЖАСАН