Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығында, яғни 1991 жылдан 2001 жылға дейінгі аралықта жалпы саны 1 миллион 87,8 мың қандас ата-жұртқа оралыпты. Соның ішінде 2021 жылдың қорытындысы бойынша 17 540 этникалық қазақ тарихи Отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, 2021 жылы Қазақстанға келген қандастардың басым көпшілігі немесе 76,2%-ы – Өзбекстаннан, 9,7%-ы – Қытайдан, 6%-ы – Түрікменстаннан, 2,6%-ы – Моңғолиядан және 5,7%-ы басқа елдерден келген екен. Атамекенге қоныс аударған қазақтар негізінен тұрғылықты орын ретінде Алматы (28,5%-ы), Маңғыстау (19%), Түркістан (13%) және Жамбыл (7,8%) облыстарын, сондай-ақ Шымкент (10,5%) қаласын таңдаған. Яғни, олар оңтүстік пен батысқа шоғырлануда. Осы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қандастар арасында еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар үлесі 55,2%, еңбекке қабілетті жастан кіші, яғни балалардың үлесі 28% және зейнеткерлер 16,8% болды. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінде небәрі 11,1%-ының ғана жоғары білімі бар. Қалған 40,1%-ының орта кәсіби білімі, 45,6%-ының тек жалпы орта білімі ғана бар. Ал 3,1%-ының білімі жоқ.