260 партия мүшесі қан тапсырды
260 партия мүшесі қан тапсырды
Солтүстік Қазақстан об­лысында жергілікті нұротан­дықтар тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен Алматы тұр­ғындары үшін қан жинауды ұйымдастырды. Қанның ал­ғашқы бөлігі жіберілді. Бұл игі іске «Nur Otan» пар­тиясының Петропавл қалалық филиалы бастамашы болды. Көмектесуге ниет білдірген­дердің арасында бастауыш пар­тия ұйым­дарының мүшелері бар, олардың арасында «Радуга» ЖШС және «Қызылжар су» ЖШС сияқты ірі ұйымдар бол­ды. Елде төтенше жағдай режимі жарияланғаннан кейін партия мүшелері белсен­ділерге қоңырау шала бастады. Қан орталығы демалыс күніне қарамастан қан алуды бастады. – Біз партияластармен үнемі байланысып отырамыз, күн сайын қан орталығына барамын, адамдар тапсыруға барады. Мекеме әкім­шілігімен осы ап­тада жұмысты күшейтеміз деп келістік, өйткені Алматыда тәр­тіпсіздіктен зардап шеккендер­ден басқа, қанға мұқтаж адамдар да бар. Мысалы, жүкті әйелдер, жүрек-қантамыр жүйесі ауру­лары, бүйрек жеткі­лік­сіздігі бар адамдар және басқалар. Қа­жет болған жағдайда қан ор­талығы жұмыс режимін өзгерте алады. Әрине, барлығы донор бола алмайды, бірақ егер біздің үн­деуі­мізді қолдаса, жақсы болады, – деді «Nur Otan» пар­тиясы Петро­павл қалалық фи­лиалының бірін­ші орынбасары Кеңес Мұқышев. Қазір 260 партия мүшесі қан тапсырды, оның ішінде 16 об­лыс­тық, қалалық және «Бола­шақ» филиалдарының қызмет­кер­лері бар. Донорларды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Петропавлда барлығы 170 бас­тауыш партия ұйым бар, «Бо­лашақ» филиалымен бірге пар­тия мүшелерінің саны 6 000-нан астам адамды құрайды.

Әбілмансұр ЖАСАН