Кукушкин негізгі турнирге жолдама алды
Кукушкин негізгі турнирге жолдама алды
159
оқылды
Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Аустралия ашық чемпионатының негізгі турниріне жолдама алды. Дүниежүзілік рейтингте 180-сатыда тұрған 34 жастағы қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 141-ракеткасы, 25-тегі америкалық Эрнесто Эскобедомен кездесті. Бірінші партияны Кукушкин 6:4 есебімен өз пайдасына жазса, екінші партияда Эскобедо қарымта қайырды – 7:5. Шешуші үшінші сетте қазақстандық теннисшінің мерейі үстем болды. Есеп  – 7:5. Үш сағатқа созылған тартысты бәсеке барысында Михаил Кукушкин 10 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың екеуін сәтті пайдаланды. Ал америкалық теннисші 9 эйс, 1 брейкпен (4 брейк-пойнт) шектелді. Осылайша, Аустралия ашық чемпионатына әйелдер мен ерлер арасында Қазақ­станнан үш-үштен теннисші қатысады. Әйелдерден Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Зарина Дияс, ерлерден Александр Бублик, Михаил Кукушкин және Тимофей Скатов жекелей сында кортқа шығады. Өткен жылы бұл «Үлкен дулыға» жарысында Бублик екінші, Кукушкин бірінші айналымнан аса алмаған.

А.ЖАСАНҰЛЫ