Дәрі-дәрмек қобдишаларын үлестірді
Дәрі-дәрмек қобдишаларын үлестірді
256
оқылды
Еліміздегі төтенше жағ­дайға байланысты «Nur Otan» партиясы Түркістан облыс­тық филиалының қолдауы­мен жасотандықтар әскери қыз­меткерлерге пандемия ке­­зінде қолданатын дәрі-дәр­­мек қобдишаларын үлес­тірді. Шара «Шымкент-Түр­кіс­тан» тасжолындағы блок-бекет­терде қаланың қауіпсіздігін, ты­ныш­тығын және тұрақтылығын кү­зетуші азаматтардың ауруға қарсы иммунитетін қалыптастыру мақ­сатында ұйымдастырылды. Со­нымен қатар коронавирус инфек­циясының жаңа штамы «оми­кро­нның» өршуі мен бір­қатар ай­мақтың «қызыл аймаққа» енуі де себеп болды. Медицина саласы маман­дары­ның арнайы нұсқаулығымен жи­нақталған дәрі-дәрмек қоб­дишасы блок-бекеттер тұрған әскерилер мен мамандарға жет­кізілді. «Jas Otan» Жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының төрағасы Жансерік Жұман ар­найы дайындалған қобдишада вирусқа қарсы дәрі-дәрмектерден бөлек витаминдер мен қосымша пайда­лануға қажетті гигиеналық заттар­дың барын айтты. – Қиын кезеңнен мұқалмай өту үшін алдымен денсаулық маңызды. Сол себепті Прези­ден­ті­міздің «Күшіміз бірлікте» ұра­нын алға тарта отырып, әскери­лер­ге қолдау білдіруді жөн көрдік. Осын­дай игі іске атсалысқан пар­тия мүшелері мен белсен­ділеріне алғысымды айтамын. Бұл жұмыстар жалғаса­тын болады, – деді Жансерік Жұман. Айта кетейік, жасотандықтар бұған дейін де блок-бекеттердегі әскери қызметкерлерге ыстық тамақ жеткізіп, демеу білдірген болатын.

Әбілмансұр ЖАСАН