"Қазақ тілі" қоғамы қарапайым халық өкілдерін заңсыз қудаламауға шақырды
"Қазақ тілі" қоғамы қарапайым халық өкілдерін заңсыз қудаламауға шақырды
Сурет: Informburo.kz
456
оқылды

Берік Әбдіғалиұлы халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының ұсталған бейбіт тұрғындардың босатылуына тілекші екенін хабарлады.

"2022 жыл Қазақстанда газ бағасының өсуі мен әлеуметтік-экономикалық жағдайдың ауырлығына қарсы халық наразылығына ұласқан күрделі ахуалдың туындауымен басталды. Осы күрделі жағдайды пайдаланып, алпауыт топтар мемлекеттік төңкеріс жасау мақсатымен билікпен диалог орнатуға тырысқан бейбіт митингілерді әуелі басбұзарлыққа арандатты, кейін тонау, ұрып-соғу, соңы атыс-шабысқа қасқана айналдырды. Соның кесірінен содырлардың қанды колынан тәртіп сақшылары мен әскери күш сарбаздары ғана емес, бейбіт шерушілер де жапа шекті, кейіннен содырларға қарсы операцияларды орындау барысында да бейбіт тұрғындар оққа шалынып, адам өліп, жарақат алған жайттар орын алды", – деді Берік Әбдіғалиұлы.
Сонымен бірге бейбіт митингіге қатысқан азаматтардарың істі болып жатқаны туралы да ақпарат ел ішін алаңдатып отырғанын айтты. Ол қанша жанды құрбан қылған, қанша жылғы игілікті бір сәтте құртып-жойып, елді жойқын шығынға ұшыратқан бұл дүрбелеңнің басты себебі халық пен билік арасының ажырауынан туындағанын айтады.
"Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы осы мәлімдемесі арқылы нағыз бүлікшіл мен басбұзар, тонаушы мен лаңкесті анықтау және оларды әділетті жазалау, ал митингіге шыққан, азаматтық белсенділік көрсеткен қарапайым халық өкілідерін заңсыз қудалауға жол бермеуге шақырады", – деді Берік Әбдіғалиұлы.