Қос кәсіпкер алматылықтарға бүлік кезінде 50 млн теңгенің көмегін көрсетті
Қос кәсіпкер алматылықтарға бүлік кезінде 50 млн теңгенің көмегін көрсетті
449
оқылды

Бұл туралы кәсіпкердің бірі Сабыржан Зайнидинов Aikyn.kz сайтының тілшісіне айтып берді.

Олар алғашқы дүрбелең басталған күні әбіржіп қалған халыққа алғашқылардың бірі болып көмек қолын созған. Барлық банктердің мобильдік қосымшалары жұмыс істемей қалған алғашқы күнде тұрғындарға қолма-қол ақша үлестіргендерін айтады. «Қалада жаппай тәртіпсіздік пен дүрбелең басталған күні ғаламтор өшіріліп, түрлі қаржы ұйымдары қызмет көрсетпек түгілі, тоналып жатқанда адамдар өз есеп шоттарыңдағы ақшаларына қолдары жетпей қалды. Сәйкесінше, азық-түлік дүкендері де тек қолма-қол сауда жасауға мәжбүр болды. Сол күндері шамамыз келгенше серіктесім кәсіпкер Бауыржан Қайыңбаев екеуміз 1000 адамға 20 мың теңгеден таратып шықтық», – дейді кәсіпкердің өзі С. Зайнидинов. кәсіпкер Сонымен қатар олар қалада үйлерінде жалғыз қалып кеткен қарт кісілерге де арнайы жасақ ұйымдасытырып, күзет қойып қорғап шыққан. Кейбірінің үйіне уақытша күтушілерді жалдаған. Ондағы мақсаттары әртүрлі жағдай болып жатқанда ұры-қарылар қоғамның осындай осал тұстарын аңдитыны рас. Сондықтан жалғыз басты қарттарымыз елегізімей, үрейге көп бой алдырмауын ойластырған. Оған қоса қаңтардың 5-і мен 8-і күндері аралығында Алматы қаласы ІІД қызметкерлерін тәулік бойы ыстық тамақпен қамтамасыз етті. Сондай-ақ қалаға кіре берістегі барлық блок бекеттерде тұрған әскери қызметкерлерге өз қаржылары есебінен түскі және кешкі астарын жеткізіп беріп тұрған. Қос кәсіпкердің қиын күндерде қала халқына жасаған қайырымдылық істері мұнымен шектелмеген. Олар, осы күндері партия мүшесі ретінде де Nur Otan партиясының қалалық филиалына өтініш білдірген тұрмысы төмен бірнеше отбасыға азық-түлік салынған себеттер таратып шықты. Бұл шара әлі күнге дейін жалғасуда. [caption id="attachment_179380" align="alignleft" width="350"]кәсіпкер Кәсіпкер Сабыржан Зайнидинов пен Бауыржан Қайыңбаев[/caption] «Мен де, серіктесім кәсіпкер Бауыржан да қайырымдылық жасауға келгенде қолымыздан келгенше аянып қалмаймыз. Осы жолы да шамамыз келгенше екеуміз 25 млн теңгеден шығарып, жалпы соммасы 50 млн теңгенің көмегін көрсеттік. Бұл ісімізді мақтаныш, жария үшін емес, өзіміз сияқты өзге кәсіпкерлерге де ой салса деген оймен айтып жатырмыз. Себебі, халықтың басына осындай сынақ сәттер түскенде мұқтаж жандарға қол созу әрбір кәсіпкердің азаматтық парызы деп білемін», – дейді бұл күнде бес-алты серіктес компанияларды бірге басқарып отырған қос кәсіпкердің бірі Сабыржан Зайнидинов.